​Мақат ауданында Алғыс айту күніне орай тегін автобустар іске қосылады

27.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Атырау облысының Мақат ауданында 1 наурыз - Алғыс айту күні тұрғындар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады.

Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, шешім аудан әкімінің тапсырмасы бойынша қабылданды. Тегін тасымалдау Мақат және Доссор кенттеріндегі кентішілік бағыттарға, сондай-ақ Бәйгетөбе ауылдық округінде жүзеге асырылады.

Әкімдікте акция тұрғындар үшін ұйымдастырылғанын және Алғыс айту күнінің маңыздылығын атап көрсетуге бағытталғанын жеткізді.

Бүгін, 17:33

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью