Мақатта полицейлер сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды

06.01.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Chat GPT жасаған сурет

Атырау облысында екі полиция қызметкеріне қатысты пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.

Оқиға Мақат ауданында болған: жергілікті тұрғын мас күйінде көлік жүргізіп, тәртіп сақшыларына 300 мың теңге берген. Кейін ол ақшаны қайтаруды талап етіп, облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне арызданған.

Арыз берушінің айтуынша, ол ақшаны мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында берген.

Азаматтың шағымы 24 желтоқсан 2025 жылы тіркеліп, сол күні-ақ алдын ала тергеу басталды. Күдікті полицейлер жалпы жиналыс кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызметтік тексеріс нәтижесінде екі қызметкер де ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 13:43

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью