Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз адамдардың қорқытып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесінің айтуынша, әлдекімдер Астанада тұратын әпкесіне хат жолдап, өздерін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырған. Хатта әншінің үш жыл бойы газ төлемін өтемегені жазылып, қарыз төленбесе, газды өшіреміз деген ескерту жасалған.
«Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері қарызы бар. Қызына бірнеше рет ескертілді, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – делінген хабарламада.
Алайда Мақпал Жүнісова бұл мәліметті үзілді-кесілді жоққа шығарды. Оның сөзінше, ешқашан коммуналдық қарызы болмаған.
«Бұл қай қазақ мені қорқытып жүрген? Мен ешқашан қарызға батпаған адаммын. Ескерту Астанадағы әпкеме барыпты», – деді әнші.
Қазіргі таңда бұл жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.