Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Сөз барысында ол кейбір жағдайларда фонограмма қолдануға тура келгенін жасырмады.
– Ешқашан фонограмма қолданбадым деп айта алмаймын. Кезінде болды, себебі телевизияның талабы сондай еді. Үлкен концерттерде аппаратура жанды дауыста айтуға әркез мүмкіндік бермейді. Сондықтан ауқымды түсірілімдерде заңға сәйкес фонограмма пайдаланып жатамыз. Бірақ жеке концерттерімде немесе тойға барғанда жанды дауыспен айтуға тырысамын. Халықтың алдында өзімді ыңғайсыз сезінемін, көрерменді алдағым келмейді. Сол үшін шақырылған жерге барғанда мені жанды дауыспен тыңдаса екен деймін. Табысым адал болғанын қалаймын, – деді ол.
Әнші фонограмманы шектеу туралы заңның қабылдануын қолдайтынын да атап өтті.
– Бұл заң күшіне енсе деп армандаймын. Сұхбаттарда да жиі айтамын. Көпшілік: Сахна ластанды, әркім ән айта береді, қалай тазалаймыз? деп сұрайды. Тазартудың жалғыз жолы – заң шығару. Фонограмма қолданыстан алынуы керек. Сол кезде ән айта алмайтындар өзінен өзі кетеді, сахнада нағыз әншілер ғана қалады, – деді Сәкен Жақсылықұлы.
Әртіс бағдарламаларға жиі шақырылатынын, алайда шығармашылық тұрғыда айтары болмағандықтан бармайтынын да айтты.
– Баяғы ескі әніммен қайта-қайта шыға бергім келмейді. Менің мақсатым – көп ән айту емес, өлмейтін ән жазу, – деп түйіндеді өнер иесі.
– Еске салсақ, Парламент фонограмманы пайдалануды шектеу туралы заңды қабылдады.