Мақсатымыз қазақ күресін Азия және Олимпиада ойындарына қосу Дамир Бекбосынов

28.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осы орайда, Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов Kazinform тілшісіне шағын сұхбат беріп, қазақ күресін дамытудағы басты мақсатымен бөлісті.

– Ассоциацияның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты – қазақ күресін Азия және Олимпиада ойындарының бағдарламаларына қосу. Бұл бағыттағы жұмыстарды Олимпиадалық Кеңестің (OCA) талаптарына сай жүргізіп жатырмыз, - деді ол.

Ол сондай-ақ қазақ күресін Азия ойындарына енгізу үшін нақты қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

– Біздің стратегиялық бағытымыздағы басты мақсатымыз – әр шетелдік федерацияның өзінің ұлттық олимпиадалық комитетімен мойындалуы және де мемлекеттік спорт түрлері реестріне қазақ күресін енгізу. Осы жолда көптеген жұмыс атқарылып жатыр. United World Wrestling-тің мүшелігінде болу да біз үшін маңызды. Себебі, біз халықаралық жарыстарымызды осы ұйымның аясында өткіземіз.

Алдағы уақытта қазақ күресінің әдістемелік базасын, қауіпсіздік нұсқаулығын және қазақ күресінің жаңартылған ережесін ресми сайтымызда жариялаймыз. Сондай-ақ қазақ күресінің 100 жаттығу видео нұсқаулығын дайындауды жоспарлап отырмыз. Әр шетелдік федерация Ассоциация тарапына үнемі жан-жақты қолдау білдіруге дайынбыз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылғаны туралы жазған болатынбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью