Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
- Бізде тау-кен металлургиясы көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақытта көп мөлшерде қалдық қордаланды.
Аршылған күйі жатқан тау жыныстары, байыту қалдықтары, иесіз кеніштер және т.б. толып жатыр.
Бірақ ол қалдықтар пайда болған кездің мүмкіндіктері шектеулі болатын. Қазір басқа заман, технология өзгерді.
Бұрын қалдық деп есептелген заттар қазір қалыпты әрі жақсы шикізат болып саналады. Біздің елде ондай қалдықтар өте көп.
Шамамен 1600-1700 нысан болса, жиынтығы 56 миллиард тонна кен деген сөз.
Оның ішінде 8 миллиард тонна кен байыту қалдықтары иесіз жатыр, - деді Марат Шибұтов. Айтуынша, қазір мұның бәрін кәдеге жаратуға болады.
- Бәрінен металл балқыта аламыз. Ең әуелі түрлі-түсті және бағалы металдар балқытуға болады. Мұнша ресурс неге пайдаланылмай жатыр?