Марат Сұлтанғазиев Даму индустриялық логистикалық орталығының ұжымымен кездесті

25.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының еңбек ұжымымен «Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі» тақырыбында кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздің тұрақты дамуының негізгі бағыты екенін атап өтті.

Әкім әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарып, қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаятынын жеткізді. «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығы – Орталық Азия өңіріндегі бірегей жоба, еліміздегі алғашқы жеке индустриялық-логистикалық аймақтардың бірі.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, биыл 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы атап өтілді. Облыс басшысы әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, заң үстемдігін нығайту және демократиялық құндылықтарды дамыту мәселелері бойынша ортақ пікір алмасумен қорытындыланды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью