Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген өзі продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» (Көкжиектен асқан үн) халықаралық тележоба көрерменге жол тартатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші желіде өзіне қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғыс білдірді.
«Ассалаумағалейкум, ағайын! Бір күнде байқауымызға 40 000 адам тіркеліпті, қолдауларыңызға мың алғыс! Бұл не деген сандар деп, мәре-сәре болып, тойлап отырған жайымыз бар. Дәуренім жүріп тұрған әдемі уақытта еліме кішкене болсын, сіздердің қолдауыңызбен пайдамды тигізсем деген ниет қой. Алғашқы турды бәріміз бірге, үлкен экраннан тамашаласақ деймін: кіру тегін. Қай зал немесе арена ыңғайлы? Ұсыныс қалдырыңыздар, ертең кешке орнын хабарлаймыз», - деді Димаш Құдайберген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.