Марокко Гаитиді жеңіп, плей офф кезеңіне жолдама алды

25.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: FIFA

АҚШ-тың Mercedes-Benz Stadium стадионында өткен кездесуде марокколықтар жігерлі ойын көрсетті. Африкалық ұжым сапынан Ашраф Хакими, Исмаэль Сайбари, Суфьян Рахими және Жессим Яссин мергендік танытып гол соқты.

Гаити құрамасының сапында бұрынғы «Зенит» шабуылшысы Вильсон Изидор гол соқты. Сонымен қатар Марокко қақпашысы Яссин Буну өз қақпасына доп енгізіп алды.

Швейцария Канаданы жеңіп, плей-оффқа топ көшбасшысы ретінде шықты

Топтық кезең қорытындысы бойынша Марокко жеті ұпай жинап, С тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Дәл осындай ұпай жинаған Бразилия ұлттық құрамасы бірінші орынға ие болды. Шотландия ұлттық құрамасы үш ұпаймен үшінші орын алса, ұпайсыз қалған Гаити турнирмен қоштасты.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатының С тобындағы соңғы матчта Бразилия құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен жеңген еді. Матчта Винисиус Жуниор дубль авторы атанды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью