Марокко Шотландияны 1:0 есебімен ұтты

20.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

С тобындағы 2-тур аясында Шотландия мен Марокко құрамалары арасындағы матч аяқталды. Кездесу АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джиллетт» стадионында өтті. Бас төреші қызметін Өзбекстаннан келген Илгиз Танташев атқарды. Африкалық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның жалғыз голы матчтың 2-минутында соғылды. Гол авторы — Марокко құрамасының жартылай қорғаушысы Исмаэль Сайбари.

С тобының 1-турында Шотландия құрамасы Гаитиді 1:0 есебімен жеңсе, Марокко Бразилиямен 1:1 есебімен тең түскен еді. Соңғы турда шотландиялықтар Бразилиямен кездеседі, ал Марокко сол күні Гаитимен ойнайды. Бұл ойын 25 маусым күні өтеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью