Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы кісі өлтіру ісі бойынша тергеуді Шымкент полициясынан Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беруді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы кісі өлтіру ісі бойынша тергеуді Шымкент полициясынан Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беруді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайыБұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров айтты.
"Нұрай Серікбайдың отбасы Шымкент полиция департаментінің қызметкерлеріне сенім танытпағандықтан, бұл қылмыстық іс бойынша соалды тергеуді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне тапсыруды сұрап отыр", – деді адвокат.
Оның айтуынша, Нұрайдың жақындары Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне шағым жолдаған.
Алайда адвокат отбасының істі беруді не себепті сұрап отырғанын ашып айтпады.
Нұрайдың өліміне қатысты іс"Мұның себептерін айта алмаймыз, өйткені бұл – тергеу құпиясы, жариялауға болмайды", – деп түсіндірді ол.
Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды.
Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.
Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.
Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!