Маржан Арапбаева: Жаңа Конституция жаңарған Қазақстанның бет бейнесі

27.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еліміздің өнер жұлдыздары Конституциялық реформаларды қолдап, халықты жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды. Олар 15 наурызда өтетін республикалық референдумда Отанымыздың келешек тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатынын жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актриса, ҚР Халық артисі Гүлжан Аспетова әрбір азаматымыздың белсенді ұстанымы – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жауапкершілік екенін айтты.

«Конституцияның жаңаруы – еліміздің дамуындағы маңызды әрі уақыт талабына сай қабылданып отырған шешім. Бұл бастама мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Ұсынылып отырған өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттырып, елдің тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды деп сенемін. Әрбіріміздің белсенді ұстанымымыз – Әділетті Қазақстан құру жолындағы ортақ жауапкершілігіміз.

Болашағымыз үшін, бірлігіміз бен тұрақтылығымыз үшін – мен жаңа конституцияны қолдаймын! Өз таңдауымды жасадым!», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ танымал әнші Маржан Арапбаева да жаңа Конституция – жаңарған Қазақстанның бет-бейнесі екенін жеткізді.

«Құрметті ағайын! Біз тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі таң – ертеңгі тағдырдың бастау нүктесі. Жаңа Конституция – жай ғана құжат емес. Бұл – халықтың сенімі. Бұл – әділетке ұмтылыс. Бұл – жаңарған Қазақстанның бет-бейнесі», - деп ойымен бөлісті ол.

Айта кетейік, жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге арналған республикалық референдумға аз уақыт қалды. Бүгінде түрлі саланың елімізге танымал өкілдері әлеуметтік желіде саяси науқанның маңызы жайында пікір білдіріп жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью