Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ведомтсво дерегіне сүйенсек, түнде дәмханада демалғаннан кейін Петропавлдың 26 жастағы тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырған.
Таң қаларлығы, бұл кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.
Күдікті шамамен 10 метр жүрген, содан кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан.
"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады",- деп мәлімдеді полицейлер.
Бұған дейін Талдықорған маңында жол апаты болып үш адам таза тапқанын, тағы алтауы ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.