Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстанда өнеркәсіптік кластерлер мен отандық өндірушілерді қолдау күшейеді. Мәжіліс Парламент депутаттары бастамашы болған машина жасау саласына қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: primeminister.kz
Құжатта арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру тетіктері қарастырылған. Атап айтқанда, орта және жоғары деңгейде қайта өңделген өнім өндіруге басымдық беру, АЭА қатысушыларының шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды күшейту, сондай-ақ сұранысқа ие емес өнімді қайта өндіруге жол бермеу үшін іріктеу критерийлерін енгізу ұсынылған.
Сонымен қатар заң жобасы өнеркәсіптік кластерлер институтын енгізуді көздейді. Бұл ретте «аумақтық кластер» ұғымын «өнеркәсіптік кластер» түсінігімен алмастыру жоспарланып отыр. Мұндай өзгеріс елдің әр өңіріндегі машина жасау кәсіпорындарын біріктіріп, өндірістегі елішілік құндылықты арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі.
Бұдан бөлек, мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен салынатын нысандарда отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарды пайдалану талаптарының сақталуын бақылау үшін арнайы мониторингтік комиссиялар құру қарастырылған.
Сондай-ақ елішілік құндылықты дамыту, өндірісті оқшаулауды тереңдету және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қосымша міндеттемелер енгізіледі.
Заң жобасының жеке блогы қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу саласын реттеуге бағытталған.
Бұған дейін Мәжіліс Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Соңғы жаңалықтар
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Саясат • Бүгін, 11:55
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Ипотека • Бүгін, 11:50
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
Әлем • Бүгін, 11:40
Қазақстан мен Макао экстрадиция туралы келісімге қол қойды
Саясат • Бүгін, 11:28
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Елорда • Бүгін, 11:23
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Қоғам • Бүгін, 11:21
Meta компаниясы 8 мың қызметкерді жұмыстан шығарды
Технология • Бүгін, 11:05
Қазақстан логистикасы: елдің транзиттік әлеуеті қалай дамып жатыр?
Логистика • Бүгін, 10:52
Ақтөбеде екі күнде 1300-ден астам адам жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:50
Қарағандыдағы жатақханада 21 жастағы шетелдік студент көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:33
Елімізде балалар лагерьлеріне қандай талаптар енгізілді?
Білім • Бүгін, 10:18
Салық кодексіндегі өзгеріс: Конституциялық Сотқа жүгіну кезінде төленетін баж салығы жойылуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 7 мыңнан астам адамды кене шақты
Оқиға • Бүгін, 10:14
Алматы әуежайындағы жанжал: Мас шетелдік анықтама бюросының әйнегін қиратты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52