Машина жасау саласындағы өнімдердің экспорты екі есеге ұлғайды

02.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Соңғы бес жылда экспорт көлемі екі есе өсті, 1,3 млрд теңгеден 3,1 млрд теңгеге артты. Әсіресе, теміржол кластері қарқынды өркендеп келеді. Сондай-ақ өндірістік және энергетикалық құрылғылар шет мемлекеттерге сатылып жатыр. Машина жасаудың осы бағыттарында сұраныс жоғары, — деді ол.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Әйтсе де, Махамбет Меңдіғалиевтың айтуынша, кадр тапшылығы өзекті мәселе болып отыр.

— Бізде жұмысшы мамандар тапшы. Металл жонушы, темір ұстасы, жөндеуші, инженер, механик тәрізді кадрлер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін Сенат және Мәжіліспен, мемлекеттік органдармен, оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бірқатар ілкі жоба қолға алынды, — деді ол.

Айта кетейік бұған дейін машина жасау саласында өндіріс көлемі 5,7 трлн теңгеден асқанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью