Мәскеу компаниялары Қазақстандағы көрмеде өз өнімдерін ұсынады

12.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Мәскеу өнімдері Астанада 13–15 мамыр аралығында өтетін көрмеде ұсынылады, деп хабарлады қалалық инвестициялық және өнеркәсіптік саясат департаментінің баспасөз қызметі.

"Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің тапсырмасы бойынша қала экспорттық әлеуеті бар өнеркәсіп өкілдерін жүйелі түрде қолдайды. Қазақстан – қала өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтарының бірі. Былтыр жеткізілімдер 2024 жылмен салыстырғанда 38,5%-ға артты", – деді Мәскеу үкіметінің министрі, қалалық инвестициялық және өнеркәсіптік саясат департаментінің басшысы Анатолий Гарбузов.

Ол достас мемлекетте азық-түлік өнімдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтті. Ынтымақтастықты кеңейту мақсатында төрт мәскеулік компания Астанада өтетін халықаралық Interfood көрмесі аясында шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізеді.

Мәскеу делегациясының құрамында "Карат" зауытының өкілдері бар. Бұл кәсіпорын балқытылған және сүзбе ірімшіктерін, сондай-ақ түйіршікті сүзбе өндіреді. Өнімдері Қазақстанның ірі қалаларында сатылып келеді. Басты мақсат – елдің барлық өңіріне тарату желісін кеңейту.

Сондай-ақ келіссөзге Ресейде табиғи сусындар өндіретін "Очаково" компаниясының өкілдері қатысады. Өнімдері ішкі нарықта кең таралған және Қытай, БАӘ және ТМД елдерін қоса алғанда 30-дан астам елге экспортталады.

Бизнес-миссияға бұдан бөлек жаңа піскен нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер және жылдам мұздатылған тағамдар шығаратын "Коломенский" холдингі де қосылады. Компания Қытай нарығына белсенді экспорт жасайды.

Тағы бір делегат – Зеленоградтағы "Монетный Двор Универс" кондитерлік фабрикасы. Оның өнімдеріне шоколад монеталар, медальдар, фигуралар және плиткалар кіреді. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстан мен Қытайға жеткізілім жасаған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью