Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 25 жылдығы аталып өтті

16.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Астанада М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шара Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында ұйымдастырылды. Мерейтойға орай Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдарының өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың басшылары филиал ұжымына құттықтауларын жолдады.

© Пресс-служба Казахстанского филиала МГУФилиал 25 жыл ішінде 3 мыңға жуық жоғары білікті маман даярлады

Филиал 25 жыл ішінде 3 мыңға жуық жоғары білікті маман даярлады

© Пресс-служба Казахстанского филиала МГУ

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек филиалда мамандар даярлау деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін білім беру бағыттарын дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік туатынына үміт білдірді.

"Филиал еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің, ғылыми экожүйеміздің ажырамас бөлігіне айналды. Күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз бен түлектерді даярлауға қосқан үлестеріңіз үшін оқытушыларға зор алғысымды білдіремін", – деді министр.

Мәскеу университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Юрий Мазей филиалдың 25 жылдық тарихында студенттер саны едәуір артқанын атап өтті. Оның айтуынша, филиал студенттері Мәскеу университетінің академиялық дәстүрлерін әлемге танытуға үлес қосып келеді.

© Пресс-служба Казахстанского филиала МГУ им. ЛомоносоваМәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович

© Пресс-служба Казахстанского филиала МГУ им. Ломоносова

Филиал директоры, ММУ-дың Құрметті профессоры Александр Сидорович Қазақстан мен Ресей басшылығына, филиалдың дамуына қолдау көрсетіп келе жатқан Ғылым және жоғары білім министрлігіне және Мәскеу университетінің ректоры Виктор Садовничийге алғыс айтты.

"Филиал елімізді жаңғырту кезеңінде, жаңа кадрлар тапшылығы сезілген уақытта құрылды. Сондықтан біздің түлектеріміз елде жүзеге асырылған өзгерістерге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Біз әрдайым елдеріміздің ғылымына, білімі мен мәдениетіне қызмет етіп, өзімізге артылған жоғары сенімді ақтайтын боламыз", – деді Александр Сидорович.

Салтанатты жиында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен 2000 жылы Қазақстан филиалын құру туралы хаттамаға қол қойылған кезде Қазақстанның білім және ғылым министрі болған Қырымбек Көшербаевтың құттықтаулары да айтылды.

© Пресс-служба Казахстанского филиала МГУСалтанатты жиын барысында оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды

Салтанатты жиын барысында оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды

© Пресс-служба Казахстанского филиала МГУ

Іс-шара барысында кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген филиал оқытушылары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларымен және Мәскеу университетінің наградаларымен марапатталды.

Айта кетері, 15 қазанда "Іргелі ғылым және заманауи білім беру: ММУ-дің Қазақстандағы филиалына 25 жыл" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ал 17 қазанда "Әлемді өзгертетін түлектер" мерейтойлық форумы өтеді.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандағы филиалы 2001 жылдан бері жоғары білікті мамандар даярлап келеді. Осы уақыт ішінде бакалавриаттың бес бағыты және магистратураның тоғыз білім беру бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық түлек білім алған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью