Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ұзақ уақыттан бері алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.
Сейсенбі, 5 мамыр күні өткен диалог туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ Мемлекеттік департаменті ресми түрде хабарлады. Бұл — соңғы жарты жылдағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының алғашқы тікелей байланысы.
Тараптар не талқылады:
Екіжақты қарым-қатынастар: Ресей-Америка қатынастарының қазіргі жағдайы бойынша «сағат теңшеу» жүргізілді;
Байланыстар кестесі: алдағы екіжақты кездесулердің жоспарлары талқыланды;
Жаһандық қақтығыстар: Украинадағы соғыс және Таяу Шығыстағы текетірес тақырыптары қозғалды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томми Пигготттың мәліметінше, телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болған.
Еске сала кетейік, Лавров пен Рубио соңғы рет 2025 жылғы 20 қазанда телефон арқылы сөйлескен болатын. Ол кезде күн тәртібінде Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтату мәселесі және Владимир Путин мен Дональд Трамптың Будапештегі ықтимал саммиті тұрды, алайда бұл кездесу соңында өтпей қалды.
Бүгін, 10:20