Мәскеу метросында жолаушылардың смартфондары тексеріледі

03.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

— Ресей Көлік министрлігінің 2025 жылғы 4 ақпандағы № 34 бұйрығымен белгіленген ұялы телефондарды тексерудің жаңа шаралары қажет болған жағдайда қолданыстағы қауіпсіздік шараларына қосымша қолданылуы мүмкін, — деп хабарлады Мәскеу метрополитенінің баспасөз қызметі.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, РФ Көлік министрлігінің бұйрығымен белгіленген қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ету аясында «Мәскеу метросын пайдаланатын барлық адам Мәскеу көлік нысандарында металл детекторларының көмегімен тексеріледі».

Санкт-Петербургте телефон тексерулері туралы ақпарат бұрын жарияланған болатын. Қаланың вице-губернаторы Кирилл Поляков тікелей эфирдегі сұрақ-жауап кезінде метро қызметкерлерінің смартфонды экраны қосулы күйінде тексеріп жатқанын «қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне» байланысты негізделгенін мәлімдеді.

Санкт-Петербург тұрғыны метрода жолаушылар қызметкерлердің өтініші бойынша төлем картамен жасалса да кіру кезінде қосулы смартфондарын көрсетуі керек деген хабарландыру туралы сұрақ қойды.

— Кез келген басқа көлік инфрақұрылымы нысаны сияқты метрополитен де көлік қауіпсіздігі нысаны. Әуежайлар мен теміржол станциялары сияқты. Сондықтан бүгінде біз күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдап жатырмыз, — деп түсіндірді вице-губернатор.

Ол тұрғындар мен қонақтарды түсіністікпен қарауға шақырып, қауіпсіздік тексерулері бұғаттаудан шығаруды талап етпейтінін атап өтті.

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Бұдан бұрын Алматы метросының жаңа желілерін салуға шетелдік мердігерлер шақырылуы мүмкін екені айтылды

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью