Мәскеу тұрғыны Instagram логотипі үшін 15 тәулікке қамалды

24.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мәскеудің Мещан аудандық соты өз сайтында Instagram әлеуметтік желісінің логотипін қолданған Денис Солдатовты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот Солдатовты «тыйым салынған экстремистік нышандарды көпшілікке көрсету» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Тәртіп сақшыларының назарына оның «Гулаг-Инфо» сайтында 2025 жылдың 15 желтоқсанында жарияланған материалы іліккен. Мәтіннің соңында Ресейде қызметіне тыйым салынған Instagram желісінің логотипі орналасқан.

Сот отырысы кезінде Денис Солдатов кінәсін мойындап, қазіргі уақытта сайттың жабылғанын және логотиптің жойылғанын алға тартты. Алайда судья бұл әрекеттер құқық бұзушылық фактісін жоққа шығармайтынын көрсетіп, айыпталушы Денис Солдатовке 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын кесті. 

Ескерте кетсек, Ресей заңнамасына сәйкес, Meta корпорациясына тиесілі әлеуметтік желілердің логотиптерін қолдану экстремизмді насихаттау ретінде бағалануы мүмкін.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью