Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды

11.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

– Бөкейханов Ресей империясы Мемлекеттік Думасының жұмысына қатыса отырып, қазақ пен басқа да байырғы халықтардың мүдделерін қорғады. Ол көпұлтты бірлік пен прогреске сенді және оның мұрасы бүгінгі күнде елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік қағидаттарында көрініс тауып отыр, – деп атап өтіп Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев.

Фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі

Елші бюстті орнатудың бастамашысы қазақстандық кәсіпкер Жанболат Надыровқа және барлық осы игі іске үлес қосқандарға алғысын білдірді. Ол бұл оқиғаны халықтарымыздың ортақ тарихына қосқан үлесіне құрмет деп атады.

– Әлихан Бөкейханов ұрпақ үшін өмірі мен қызметі үлгі бола алатын халқымыздың көрнекті өкілі, мұндай адамдарға ескерткіштер орнату қажет деп санаймын. Енді Мәскеуге келуші қазақстандық қонақтар ХШЖК-ға барып, атақты жерлесімізге өз құрметтерін білдіре алады, – деп атап өтті Жанболат Надыров.

Фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі

Өз кезегінде ХШЖК қазақстандық павильонының басшысы Тамара Бабакова кәсіпкердің сөздерін қолдап, павильонға келушілердің көп екенін атап өтті.

– Бөкейхановтың бюсті өткен, қазіргі және болашақ кезең арасындағы байланыстың символына айналады, – деді ол.

Іс-шараның қадірлі қонағы, Әлихан Бөкейхановтың немере інісі, профессор Нұрым Бөкейханов атақты туысының өмірі үзілмегенде, оның қазақ халқы үшін берері көп болғанын өкінішпен атап өтті. 

– Оның бастамасымен Абайдың барлық өлеңі жинақталды. Ол тұңғыш абайтанушы болды, көрнекті ақын мен философтың мұрасын халыққа жеткізді, – деді Нұрым Бөкейханов.

Айта кетейік, 1920-1930 жылдары Әлихан Бөкейханов Мәскеуде тұрып, ғылыми және әдеби қызметпен айналысқан. 1937 жылы ол қуғын-сүргінге ұшырап, атылды, 1989 жылы қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты ақталды. Әлихан Бөкейханов Мәскеудегі Дон қорымында ортақ қабірде жерленген.

Бұған дейін Әлихан Бөкейханның 160 жылдығын атап өту шаралары аясында оның мұрасы қалай зерттеліп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью