24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті.
Басқосуға Ресей тарапынан ел президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев пен оның көмекшісі Юрий Ушаков та қатысты. АҚШ тарапынан Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер мен Федералдық сатып алу қызметінің комиссары Джош Грюнбаум бой көрсетті . Кездесуде Украинадағы аумақтық мәселелер талқыланды. Бірақ 4 сағатқа созылған келіссөз кезінде тараптар ортақ мәмілеге келе алмады. Сондай-ақ бүгін Абу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің қатысуымен үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді.