Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "Еуразия" АКЕҰ құрылуының екінші мерейтойына орайластырылған "Еуразия: дәстүрлі құндылықтар аумағы" халықаралық қоғамдық-іскерлік форумы Абхазия, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Африка құрлығы елдерінен жалпы 800-ден астам қатысушының басын қосты.
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия"Мәскеуде "Еуразия: дәстүрлі құндылықтар аумағы" форумының нәтижелері жарияланды
Мәскеуде "Еуразия: дәстүрлі құндылықтар аумағы" форумының нәтижелері жарияланды
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия"
"Ресей" ұлттық орталығында өткен іс-шараға Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қатысты.
"Еуразия процесі еуразиялық кеңістікті дамыту және ортақ гуманитарлық стандарттарды нығайту бойынша мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан процестерге өте сапалы және мағыналы қосымша болып отыр", - деді Песков.
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия"Мәскеуде "Еуразия: дәстүрлі құндылықтар аумағы" форумының нәтижелері жарияланды
Мәскеуде "Еуразия: дәстүрлі құндылықтар аумағы" форумының нәтижелері жарияланды
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия"
"Тату көршілік архитектурасы: көпполярлы әлемге апаратын еуразиялық жол" пленарлық отырысы форумның басты іс-шарасы болды. Пленарлық отырыста аймақ елдері арасында өзара сенім мен ортақ мүдделерге негізделген тұрақты байланыстар жүйесін құруға басымдық берілді.
"Банк ПСБ" ЖАҚ төрағасы және "Еуразия" АКЕҰ Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Петр Фрадков еуразиялық ынтымақтастықты дамытудағы бизнестің рөлі туралы айтты.
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия""Банк ПСБ" ЖАҚ төрағасы және "Еуразия" АҮЕҰ Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Петр Фрадков
"Банк ПСБ" ЖАҚ төрағасы және "Еуразия" АҮЕҰ Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Петр Фрадков
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия"
"Олар бізді бөлуге және жанжалдастыруға тырысып жатқанда, "Еуразия" АКЕҰ бізді біріктіретін жобаларды іске қосып, біздің ең алдымен тату көршілер мен достар екенімізді еске салып отыр", - деді ол.
Фрадковтың пікірінше, бірақ мұндай жобалар "өздігінен өмір сүрмейді" - оларға қолдау қажет, ал бизнес мұнда ерекше рөл атқарады.
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия"Мәскеуде "Еуразия: дәстүрлі құндылықтар аумағы" форумының нәтижелері жарияланды
Мәскеуде "Еуразия: дәстүрлі құндылықтар аумағы" форумының нәтижелері жарияланды
© Photo : Предоставлено АНО "Евразия"
"Компаниялар шетте қалмауы керек - бизнес гуманитарлық бастамалар үшін тұрақты негіз жасай алады. Бұл біздің гүлденген болашағымызға қосалынған үлес", - деді Фрадков.
"Еуразия" АКЕҰ - халықаралық ынтымақтастықты дамытатын, жеке қаржыландыру арқылы жобаларды жүзеге асыратын автономды коммерциялық емес ұйым. "Еуразия" миссиясы - Еуразия халықтарының дәстүрлі құндылықтарын, тарихи жадын және ортақ мәдени кодын бірлесіп сақтау үшін барлық жастағы және түрлі ортадағы адамдарды біріктіру.