Мәскеуде КСРО ның әлі де бар екеніне жұртты сендіріп келген КОКП бас хатшысы қамауға алынды

08.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мәскеуде Ресейде тыйым салынған "КСРО азаматтары" сектасының басшысы, 80 жастағы Владимир Корякин қамауға алынды. 35 жыл бойы бұл адам жұртты Кеңес Одағы әлі де бар деп сендіріп, өзін КОКП-ның бас хатшысымын деп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Әртүрлі бағалау бойынша, "КСРО азаматтары" сектасының бүкіл әлемде 10 мыңға жуық жақтаушысы бар. Олар Кеңес Одағының ыдырағанын жоққа шығарады, соның салдарынан бұрын оның құрамында болған мемлекеттердің ресми құжаттарын, соттары мен заңдарын мойындаудан бас тартады.

Сонымен қатар, өздерін "КСРО азаматтарымыз" дейтіндер коммуналдық қызметтер үшін ақы төлемеуге және банктік несиелерді қайтармауға шақырады. Ресейде бұл ұйым экстремистік деп танылып, ресми түрде тыйым салынған.

2019 жылы Корякин өзін коммунистік партия ісін жалғастырушы және оның сайланған басшысы ретінде таныстырып, БҰҰ-ға жүгінген. Ер адам экстремизмге күдікті ретінде ұсталғаны хабарланды: ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2022 жылы Ресейде сот өзін КСРО президентінің міндетін уақытша атқарушы деп жариялаған бұрынғы стоматолог Сергей Тараскинді сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салсақ: 2023 жылдың қарашасында Петропавлда "Жұмысшылардың халықтық кеңесі" деп аталатын топтың мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін әлеуметтік желілерде олардың отырысынан түсірілген бейнежазба үлкен шу тудырған болатын. Онда жиналғандар Қазақстан Республикасын мойындамайтындарын және Қазақ КСР-іне қайта оралатындарын мәлімдеген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью