Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«Маски-шоу» комик-труппасының украиналық актері Владимир Комаров 62 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Актердің қазасы туралы «Маски» театры өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Ғажайып талантты, бойына құдай дарын дарытқан, жарқын, мейірімді, харизматикалық, шынайы адам еді... Жүрек жеткіліксіздігі... Айтарға сөз жоқ», - делінген жоқтауда.
Владимир Комаров «Маски-шоу» труппасына 1984 жылы келіп, онда 2002 жылға дейін жұмыс істеді. Сонымен қатар артист киноға түсіп, 20-ға жуық рөлді сомдаған.
«Маски-шоу» юмористік телехикаясының жұлдызы Одессада қайтыс болғаны белгілі болды. Актермен қоштасу рәсімі 1 сәуірде өтеді.