Масқараңды шығарамын : Жамбыл облысында ер адам қылмыс үстінде ұсталды видео

19.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, облыстық полиция департаментіне арызданған.

"Өтініш иесінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желіде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен", - дейді полиция.

Полиция қызметкерлері оқиғаны жедел анықтауға кіріскен. Күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтатып, бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін өзі талап еткен ақшаны алып жатқан кезде ұсталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью