Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Тайландта футбол матчы кезінде ойыншыға найзағай түсті. Бұл туралы Bangkok Post жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға Сунгай-Колок қаласындағы Сантифап стадионында өткен Golok FA Cup аймақтық турнирінің жартылай финалдық кездесуі кезінде болған.
24 жастағы футболшы Софиан Авае найзағай соққысынан кейін алаңда есінен танып құлап, артынша көз жұмған. Полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан тағы тоғыз адам зардап шеккен.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Найзағай түскен сәтте стадионда қатты жаңбыр жауып, ауа райы қолайсыз болған.