Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформаның басым міндеті азаматтардың әл ауқатын арттыру

03.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жаңа Конституция ауыл өмірін жақсартуға, сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі, инклюзия және этносаралық келісімнің өзекті мәселелерін шешуге қалай көмектесе алады? Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін Жетісу облысының фермерлерімен осы тақырыптағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Елдің әл-ауқаты осы саладағы табыспен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы ілгерілеу ауылдардың, өңірлердің, жалпы, тұтас елдің дамуына серпін береді. Бүгінде осы және басқа да салаларда жүйелі жаңғыртулар жүргізілуде. Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстанның тұрақты дамуына, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және бүгінгі әрі келер ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Жетісу облысы – еліміздің маңызды ауылшаруашылық, индустриялық, ғылыми және экономикалық орталықтарының бірі. Бүгінде өңірдегі кәсіпорындар осы игі дәстүрді жалғастырып, өсім мен инновацияның нақты драйверіне айналып келеді», деді Сенат Төрағасы.

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы

Сенат Төрағасы мәслихат депутаттарымен және өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу барысында елімізді орнықты дамыту, демократиялық қағидаттарды нығайту, саяси жүйені кешенді жаңарту үшін конституциялық реформаның стратегиялық және тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді ауқымды әрі жүйелі жаңғырту бағдарын іске асыру жолындағы тарихи кезең. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерді азаматтардың таңдауына сүйене отырып қабылдау демократия қағидаттарына адалдықтың айқын көрінісі екені анық. Конституциялық реформаның басым міндеті – Тәуелсіздікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты жаңа Конституция жобасында заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ, елдің орнықты дамуына басымдық берілген», – деді Мәулен Әшімбаев.

Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы

Сонымен бірге Сенат делегациясы «Асар» спорттық-оңалту кешенінің қызметкерлерімен және өнеркәсіп аккумуляторларын шығаратын зауыттың жұмысшыларымен әңгімелесті.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кісі өлтіру дерегі 19 жылдан кейін ашылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:50

Президент Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:43

Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды

Әлем • Бүгін, 16:22

Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Қоғам • Бүгін, 16:17

Алматыдағы жеке оңалту орталығында ерекше балаларды ұрып-соққан

Қоғам • Бүгін, 16:05

Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикасына қалай әсер етіп жатыр?

Экономика • Бүгін, 15:52

Қаржылық тұрақтылыққа бастар қарапайым қағида қандай?

Экономика • Бүгін, 15:49

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды

Спорт • Бүгін, 15:40

Астанада көп қабатты үйден өрт шықты

Оқиға • Бүгін, 15:38

Щучинсктегі қайғылы жағдай: Дәмхананың иесі қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 15:31

Apple iPhone 17e смартфонын таныстырды

Digital • Бүгін, 15:20

Шотына 1 млн теңгеден астам қаражат түсетіндерге айыппұл салына ма?

Экономика • Бүгін, 15:15

Астанада қар тазалауға 1 748 техника шықты

Елорда • Бүгін, 15:05

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 14:55

Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?

Қазақстан • Бүгін, 14:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью