Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарының алдағы міндеті туралы пікір айтты

22.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- Өздеріңізге белгілі, аптаның басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, алқалы жиында еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды бастамалар көтерілді. Оның ішінде, конституциялық және парламенттік реформаға қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, Президентіміз болашақ Парламенттің атауы, құрылымы мен өкілеттігі бойынша пікірін білдірді. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси және мемлекеттік билік институттарын реформалауды көздейтін ұсыныстарын жариялады. Олардың қатарында Халық Кеңесі және Вице-президент сияқты жаңа институттар бар. Осылайша, Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның жаңа конституциялық моделі айқындалды деп айтуға толық негіз бар, - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, жиында айтылған барлық бастаманы Президенттің Жарлығымен құрылған арнайы комиссия сараптап, тиісті өзгерістер топтамасын әзірлейтін болады. Кейіннен, бұл құжат жалпыхалықтық референдумға шығарылады.

- Бастамалардың мақсаты – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сай келетін берік әрі әділ жаңа саяси жүйе қалыптастыру. Өз кезегінде, Сенат депутаттары Мемлекет басшысының елімізді дамытуға және Тәуелсіздігімізді нығайтуға арналған бастамаларын толық қолдай отырып, оларды ілгерулетуге өз үлесін қосады. Сондай-ақ, заңнамалық түзетулерді қажет ететін шешімдерді уақтылы пысықтаймыз. Осылайша, мүдделі тараптармен бірлесе отырып, ел игілігіне бағытталған қызметімізді жоғары деңгейде атқарамыз деп сенемін, - деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью