Мәулен Әшімбаев, Сенат Төрағасы: Әділетті Қазақстан құру жолындағы аса маңызды қадам

17.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Соған сәйкес, дауыс берген азаматтардың кем дегенде 86,7 пайызы жаңа Конституцияға қолдау білдіргені белгілі болды. Осылайша, 15 наурыз тарихымызға ел дамуының ба­ғыт-бағдарын айқындаған маңызды дата ретінде жазылып отыр.

Exit Poll қорытындысы таныстырыл­ғаннан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәлімдеме жасап, Қа­зақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс бергенін, бұл – баршаға ортақ жетістік екенін айтты.

Шын мәнінде, референдум нәтиже­сі – азаматтарымыз ел болашағына бейжай қарамайтынын және Мемлекет басшысы­ның реформаларын қолдайтынын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Қазақстандықтардың белсенділігі мен жоғары азаматтық жа­уапкершілігі егемен еліміздің демократиялық дамуының мызғымас кепілі екені анық.

Президентіміз атап өткендей, халықтың басым бөлігі Өркендеу, Әділет, Заң мен Тәртіп, Табиғатты аялау және Тазалық жо­лын таңдады. Осы орайда дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көр­сеткіш тіркелген жалпыұлттық референ­думның ашық әрі әділ өткенін және барлық заң талаптары мен халықаралық нормалар қатаң сақталғанын айта кеткен жөн. Отандық және шетелдік байқаушылардың да бағасы осы пікірге табан тірейді.

Сондықтан азаматтарымыз аталған тарихи шешім арқылы елдің ұзақмерзім­ді даму стратегиясын анықтап, нағыз Халық Конституциясын қабылдады деуге толық негіз бар. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы аса маңызды және тағдыршеш­ті қадам.

Баршаңызды осы тарихи межемен шын жүректен құттықтаймын! Алдымызда Тә­уелсіздікті нығайту және Отанымызды одан әрі өркендету жолындағы ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Сол бағытта да Мемлекет бас­шысының саясаты аясында жұдырықтай жұмылып, бекем бірліктің озық үлгісін көрсетеміз деп сенемін!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью