Мәулен Әшімбаев: Жеңіс күні ұлт жадынан өшпейтін ерекше мәнге ие қастерлі дата

09.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1945 жылы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рәсім барысында Мәулен Әшімбаев Жеңіс күні ұлт жадынан өшпейтін және әр қазақстандық отбасы үшін ерекше мәнге ие қастерлі дата екенін атап өтті. Сондай-ақ Палата Спикері Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы күндері еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар мен тағылымды кездесулер өткізіліп жатқанына назар аударды. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған мұндай жиындар майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым етуге және олардың жанқиярлық ерлігін өскелең ұрпаққа дәріптеуге арналады.

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

«Біз бұл күні сұрапыл соғыста от кешкен аға буынның жанқияр ерлігі мен қайсар рухына тағзым етеміз. Соның аясында бүгін еліміздің барлық өңірінде ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, майдангерлердің ерліктері дәріптеліп жатыр. Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін марқұм Кенжебай Мәденовке «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл шешім – тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі. Шын мәнінде, мұның бәрі – өскелең ұрпақ бейбітшіліктің қадірін түсініп, патриот болып қалыптасуына ықпал ететін қадамдар» деп, Мәулен Әшімбаев ардагерлерге және олардың отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Іс-шараға ардагерлер ұйымдарының өкілдері, күш құрылымдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер және Парламент Сенатының депутаттары қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Соңғы жаңалықтар

Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды

Елорда • Бүгін, 12:28

Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады

Спорт • Бүгін, 12:04

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Қоғам • Бүгін, 11:20

Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады

Тағайындау • Бүгін, 11:03

Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылды

Қазақстан • Бүгін, 10:52

Аида Балаева: Жеңіс күні – келер ұрпаққа тағылым беретін қасиетті күн

Қоғам • Бүгін, 10:40

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

Президент • Бүгін, 09:27

Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:05

30 млн еуро: Хорватиялық экс-шенеунік Қазақстанда қолға түсті

Оқиға • Кеше

Айдын және Анар Рахымбаевтар байлығының жартысын қайырымдылыққа береді

Қоғам • Кеше

Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды

Президент • Кеше

Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет және киберсалада бақылауды күшейтеді

Қоғам • Кеше

Инсульттан кейінгі оңалту: Елімізде жасанды интеллект көмегімен экзоскелет жасалды

Медицина • Кеше

Жасөспірімге қызмет көрсеткен: Алматыда ойын клубы заң бұзғаны үшін жабылды

Алматы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью