Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Сауалнамалардың басым бөлігі билеуші «Фидес» партиясынан бөлініп шығып, халықтық «Тиса» партиясын құрған Петер Мадьярға басымдық беріп отыр. Алайда сайлау қарсаңында Орбан өзіне сенімді екенін ашық көрсетті.
– Біз бәрін таңғалдырған, бәлкім өзімізді де таңғалдыратын жеңіске жетеміз, – деді ол Будапештегі Қамал төбесіндегі шағын алаңда жиналған бірнеше мың жақтасына.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-ден 19:00-ге дейін өтеді, алғашқы нәтижелер кешке қарай белгілі бола бастайды.
Сайлау алдындағы ахуал одан әрі шиеленісе түсті. Орбан оппозицияны «билікті басып алу үшін ештеңеден тайынбайды» деп айыптаса, Мадьяр сайлаушыларды «Фидес» партиясының қысымы мен бопсалауына берілмеуге шақырды.
Фото: Martin Fejer/estost.net/EST&OST/IMAGOОрбанның 16 жылдық билігі кезеңінде, Еуропарламенттің бағалауынша, елде «сайлау автократиясының гибридті режимі» қалыптасты. Мадьяр мен оның «Тиса» партиясы билік жүйесін өзгертуге, Еуропалық одақпен қарым-қатынасты қайта жандандыруға және Ресеймен тығыз байланыстарды тоқтатуға уәде беріп отыр.
Оның елдегі екінші ірі қала – Дебрецендегі қорытынды митингісіне Будапешттегі Орбан жиынынан әлдеқайда көп адам жиналды.
Сонымен бірге Орбан АҚШ президенті Дональд Трамптың қолдауына ие болып отыр. Трамп мажар сайлаушыларын өзінің шынайы досы, күрескері және жеңімпазы үшін дауыс беруге үндеді.
Сенбінің кешінде сөйлеген «Фидес» көшбасшысы дәстүрлі сайлауалды ұрандарын тағы қайталады. Оның сөздері Брюссель мен Украинаға қарсы бағытталды.
– Біз балаларымызды бермейміз, қаруымызды бермейміз және ақшамызды бермейміз, – деді ол.
Бұған дейін қатарынан төрт рет жеңіске жеткен Орбан үшін бұл жолғы бесінші сайлау айтарлықтай күрделі болуы мүмкін.
Ел экономикасы қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Сонымен қатар билік бірнеше саяси даудың ортасында қалды. Соның ішінде Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоның Еуропалық одақ саммиттерінің алдында және одан кейін Ресей әріптесімен тұрақты түрде байланыста болғаны қоғамда қызу талқыланды.
Мажарстан Еуропалық одақ пен НАТО мүшесі бола тұра, Украинаға 90 млрд еуро көлеміндегі көмекті бұғаттап, еуропалық серіктестерінің наразылығын тудырды.
Будапешттегі Political Capital орталығының сарапшысы Роберт Ласлоның айтуынша, елдегі ең сенімді үш әлеуметтік зерттеу агенттігі «Тиса» партиясының айқын басымдығын көрсетіп отыр. Сарапшылар «Фидес» айырмашылықты қысқартады деп болжағанымен, бұл әзірге байқалмаған.
Сарапшылардың пікірінше, «Тиса» партиясы парламентте сенімді абсолютті көпшілікке қол жеткізуі мүмкін. Алайда конституциялық өзгерістерді қайта қарау үшін қажет басымдықтың үштен екі бөлігіне ие болатыны әзірге белгісіз.
Соңғы күндері полиция, әскер және бизнес өкілдерінің бірқатары «Фидеске» қарсы пікір білдірді. Сарапшылар мұны қоғамдық көңіл-күйдің Виктор Орбанға қарсы өзгергенінің белгісі деп бағалап отыр.
Айта кетейік, Ирак парламенті Низар Амидиді президент етіп сайлағанын жаздық.
Ал Перуде президенттік сайлау өткізіледі.