Мәжбүрлі түрде емделеді: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті психикалық мекемеге жіберілді

01.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Нұрай Серікбайды өлтіру ісі бойынша күдікті психиатриялық ауытқулары бар науқастарға арналған арнайы мекемеде ем қабылдап жатыр. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті қайтадан тергеу изоляторына жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты кісі өлтіру, некеге мәжбүрлеу және сталкинг фактілері бойынша іс қозғалған.

Полицияның хабарлауынша, екі мәрте жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың нәтижесінде күдіктінің психикалық ауытқулары анықталған. Осыған байланысты ол мәжбүрлі емдеу мекемесіне жіберілген. 

Ал Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай күдіктінің кенеттен «есінен ауысуы» жазадан құтылудың айласы болуы мүмкін деп күдіктенеді. Ол алғашқы тексеру Шымкентте жүргізіліп, қорытындыда психикалық ауытқуы бар екені көрсетілгенін айтты. Кейін Алматыда қайта тексеру жасалып, ұқсас қорытынды шыққан. Оның айтуынша, қазіргі таңда күдіктінің жағдайында симуляция белгілері байқалады.

Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді

Сондай-ақ оның айтуынша, күдікті қазір Шымкентте емес, Талғардағы психиатриялық орталықта ем қабылдап жатыр.

Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді

Полиция тарапынан жәбірленуші тараппен тұрақты байланыс орнатылғаны айтылды. Тергеу барысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сараптама нәтижелері мен іс бойынша басқа да мәліметтер заң аясында жеткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар

«Әйелін сыйға тарту – қылмыс»: Депутат желідегі «дүмше» ұстаздарға шұғыл тойтарыс беруге шақырды

Парламент • Бүгін, 13:33

Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?

Білім • Бүгін, 13:23

Аида Балаева: Қазақстанда 700-ден астам білім беру бағдарламасы қысқартылады

Білім • Бүгін, 13:18

Мәжбүрлі түрде емделеді: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті психикалық мекемеге жіберілді

Қоғам • Бүгін, 13:02

«Малшы мен ветеринар жоқ»: Депутат азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын айтты

Шаруашылық • Бүгін, 13:00

Елімізде құпия мәліметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейеді

Қазақстан • Бүгін, 12:51

Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 12:28

Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек

Қоғам • Бүгін, 12:27

«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты

Парламент • Бүгін, 12:10

Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады

Қоғам • Бүгін, 11:49

Қырымда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады: 29 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 11:48

Америкалық журналисті ұрлағандардың бірі ұсталды: Күдікті қауіпсіздік қызметінің өкілі болуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 11:30

Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 11:12

Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпиттер таратқан

Оқиға • Бүгін, 11:03

Қарағанды облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

Білім • Бүгін, 10:52

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью