Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
— Бұл Конституциялық заңның жобасы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасы Алатау қаласының экономикалық, тенхнологиялық, ғылыми білім беру, сауда және инвестициялық орталық ретінде қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған, — деді депутат Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар құжат жобасы Алатау қаласын дамытуға салынатын инвестициялардың кепілдіктері мен құқықтық қорғалуын арттыруға, «ақылды қала» құру және Алатаудың экономикалық дамуы мақсатында ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, технологиялық инновацияларды, заманауи тәсілдер мен тәжірибелерді қолдануға арналған.
— Заң жобасы 5 тараудан, 65 баптан тұрады. Осыған орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Қазақстан Парлампенттінің регламентіне сәйкес қарауға дайын, — деді Н. Сабильянов.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнайы құқықтық мәртебе беруді жүктеді.