Мәжіліс депутатының өкілеттілігі тоқтатылды

11.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Елнұр Бейсенбаев президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.

Бүгін мәжіліс өкілдері тиісті қаулыны бірауыздан қабылдады. Ал спикер Ерлан Қошанов бұрынғы депутатқа алғыс хат табыстады.

Бейсенбаев мәжіліс мінберіне тағы бір рет шығып, әріптестеріне ризашылығын білдірді.

"Мәжіліс мінберіндегі 5 жылдық қызмет мен үшін үлкен саяси мектеп болды. Толассыз тәжірибе мен шынайы мемлекетшіл әрі отаншыл болуды осы мінберден үйрендім. Мен сіздерден әрбәр істе байыпты, байсалды, ең бастысы, мемлекеттік позициядан шешім қабылдауды үйрендім. Барлығыңызға шынайы алғысымды білдіремін", - деді Бейсенбаев.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью