Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізетін хаттаманы ратификациялады.
"2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде қол қойылған хаттама ЕАЭО құқығы мен одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы арасындағы қайшылықтарды жоюға, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін беделдік сын-қатерлердің ықтималдығын азайтуға бағытталған", - деп жазылған мәжіліс хабарламасында.
Құжат келісімнің тұжырымдамаларын нақтылайды. Атап айтқанда, бүкіл мәтіндегі "қауіпті өнім туралы" деген сөз "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөзбен алмастырылады.