Мәжіліс Халық кеңесіне қатысты заңды әзірлеуге кірісті

06.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Халық кеңесі туралы конституциялық заңды әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін депутаттар заңды жұмысқа алды. Онда Қазақстан Халық кеңесінің құқықтық мәртебесі, өкілеттіліктері мен құрамы, сондай-ақ, жұмыс тәртібі айқындалады.

Заңды әзірлеуге қатысатын бірлескен комиссияның құрамына депутаттар Аманжол Әлтай, Наталья Дементьева және Ерлан Сайыров енді. Жаңа заң дайын болғасын мәжілістің атынан Сайыров баяндама жасайды.

Кеңес қалай жұмыс істейді

Кеңес халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады. Ал құрамын президенттің өзі бекітеді.

Халық кеңесіне бірнеше бағыт бойынша ұсыныс әзірлеу өкілеттіліктері беріледі. Олар:

ішкі саясаттың негізгі бағыттары;

қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті және ынтымақтастықты нығайту;

мемлекет қызметінің қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету.

Сонымен қатар Халық кеңесі заң шығаруға бастамашылық ете алады. Ал Халық кеңесінің жоғарғы органы жылына кемінде бір рет шақырылатын сессия болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью