Мәжіліс ИКАО ға қатысты құжатты қабылдады

21.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Құжат Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) органдарының құрамында өкілдігі туралы мәселені ілгерілету, сондай-ақ Республиканың халықаралық аренадағы имиджін жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

- Осы өзгерістер арқылы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Кеңестің құрамын 36-дан 40 мемлекетке дейін және Аэронавигациялық комиссияның құрамын
19-дан 21 мүшеге дейін арттырады. ИКАО Кеңесі — бұл ИКАО Ассамблеясымен 3 жыл мерзімге сайлайтын атқарушы орган. Ол халықаралық стандарттарды бекітеді, ИКАО-ның қазіргі қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттер арасындағы дауларды қарайды және Ассамблея шешімдерінің орындалуын бақылайды. Аэронавигациялық комиссия — бұл ұшу қауіпсіздігі, әуе қозғалысын ұйымдастыру жауапты техникалық орган. Бұл ИКАО-ның органдарының мүшелерінің саны 30 жылдан астам өзгермеген. Осы уақытта ИКАО-ға кірген мемлекеттердің саны 160-тан 193 -ке дейін көтерілді. Осыған байланысты ИКАО мүшелері өз мемлекеттерінде ратификацияны өткізу керек, - деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде бұл құжаттарды Ұлыбритания, Франция, Сингапур, және басқа да елдерді қоса алғанда, 120 мемлекет ратификациялаған.

- Хаттамаларды ратификациялау бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді, - деді министр.

Еске салсақ, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 30 тамыздан 15 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында өткізілген авиациялық қауіпсіздіктің кешенді аудитінің (USAP-CMA) нәтижелерін ресми түрде жариялады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью