Мәжіліс Оманмен салық мәліметтерін алмасу туралы келісім орнататын заң қабылдады

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Құжатты Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Қазақстан бұған дейін негізгі инвестор елдермен дәл осындай 55 салықтық келісім жасасқанын айтты.

- Оманмен келiсiм осы жұмыстың жалғасы болып есептеледі. Келісім қосарланған салық салуды жою және салықтық кемсітушілікті болдырмау арқылы технологиялар мен дағдылар трансфертіне ықпал етеді. Келісім салықтық мақсаттарда ақпарат алмасу үшін де заңнамалық негіз болады, - деді ол. 

Министрліктің мәліметі бойынша, биыл осы мәндегі келісімдерді Иран Ислам Республикасымен, Мысырмен, Израиль, Кувейт мемлекеттерімен, Португалиямен, Әзербайжанмен, Индонезиямен, Тайландпен жаңартып бекітуді жоспарланған. 

Келісім мынандай мәселелерді реттейді:

- салық салу мақсатында резиденттікті анықтау;
- тұрақты мекеме құру;
- салық салуға жататын табысты бөлу (дивидендтер, пайыздар, роялти, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс және т.б.);
- салық салуда кемсітуге жол бермеу;
- екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасындағы өзара келісім механизмі;
- салықтық ақпарат алмасу тәртібі;
- жеңілдіктерді шектеу туралы баптар.

Еске салсақ, Таяу Шығыстағы ахуал шиеленіскенде Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы елге жеткізілген болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью