Мәжіліс селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі заңды қарайды

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

- Бұл заң жобалары өсімдіктердің жаңа сұрыптары мен малдың жаңа тұқымдарын қорғаудың тиімді жүйесін құру, заң нормаларын Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның ережелеріне сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Құжат халықаралық қағидаттар мен ережелерге сәйкес селекционерлердің интеллектуалдық жетістіктерін қорғаудың құқықтық негізін қалыптастыруды көздейді, - деді депутат Серік Егізбаев.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау Ұлттық патент жүйесін жаһандық жүйеге интеграциялауға, бағалы бастапқы селекциялық материалдарды қолжетімді етуге, отандық селекция және Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытуға инвестиция тартуға, отандық селекцияда алынған сорттарды әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

- Іліспе заң жобасы Азаматтық кодекске және Тұқым шаруашылығы туралды заңға тұқымды пайдалануға бақылауды күшейтуді, сондай-ақ оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті аталған жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алғаш рет майлы зығырды жедел селекциялау бағдарламасы іске қосылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью