Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін екі рет бірлескен отырыс өткен. Араға бес күн салып тағы бір отырыс өткізуге шешім қабылданып отыр.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген өкімде.
Айта кетері, парламент жаңа Конституцияны іске асыруға арналған заңдарды қарауға кірісті.
Соның ішінде Құрылтай, Халық кеңесі, вице-президент және сайлау заңнамасына қатысты заңдар бар. Ал конституциялық заңдар тек бірлескен отырыста қаралады.