Мәжіліс төрағасы Париждегі бүкіләлемдік саммитке қатысты

11.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты.

Елуден аса елдің Мемлекет, Үкімет, мемлекеттік орган басшылары, халықаралық ұйым­дардың жетекшілері, қаржы институттарының, өнер­кәсіптің және сарапшылар қоғамдас­тығының өкілдері азаматтық ядролық энергетиканың негізгі энергетикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайындағы рөлін талқылады. Іс-шараға Қазақ­станнан Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев те қатысты.

Мәжіліс спикерін қарсы алған Франция Президенті Эммануэль Макрон біздің Мемлекет басшысына жылы лебізін жеткізіп, саммитке Қазақстан делегациясын жібергені үшін алғысын білдірді.

Форумды ашқан француз көшбасшысы ядролық энер­­ге­тиканы қазіргі әлемдегі прогрес­тің, өркендеу мен егемендіктің факторы деп атады. Оның ұлттық экономиканың бәсекеге қабі­леттілігін арттыруға, жаңа жұ­мыс орындарын құруға және инно­ва­циялық технологияларды енгізу­ге жол ашатынын айтты. Эммануэль Макрон Қазақстанға және уранның сенімді жеткізушілері саналатын бірнеше елге қолдау білдіріп, саммит қатысушыларын бейбіт атом саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси қазіргі уақытта цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы әлемдік қоғамдастықтың алдында көптеген мәселе туындатып отырғанын, оларға атом энергиясы жауап бере алатынын атап көрсетті.

Еуропалық комиссия төр­ағасы Урсула фон дер Ляйен: «Еуропаның азаматтық ядролық энергетикадан бас тартуын ең үлкен стратегиялық қателік», деді. Осыны түсіне отырып, Еуропалық одақ инновациялық ядролық технологияларға салынатын инвес­тицияларды қолдау үшін 200 млн еуро көлемінде кепілдік қорын құру туралы шешім қабылдады.

Мәжіліс спикері өз сөзінде Франция басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Ол қауіпсіз әрі орнықты атом энергетикасын дамыту жолында халықаралық деңгейде күш-жігер жұмылдыру үшін іс-шараның маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ бейбіт атомды дамыту бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Қазақстан энергетикалық дамудың жаңа белесіне – атом энергетикасы дәуіріне қадам басып жатыр. Біз атом энергетикасын стра­тегиялық тұрғыда сенімді әрі қолжетімді энергия көзі ретін­де қарастырамыз. 2024 жылы Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығарды. Референдум нәтижелері қазіргі таңда бізге заманауи, орнықты әрі әртараптандырылған энергетикалық жүйені дамытуға жол ашып отыр. Атом электр стансасын салу жобасын іске асыру халықаралық консорциум құруды көздейді. Қазіргі уақытта табиғи, геологиялық, сейсмикалық, гидро­логиялық және техногендік фак­тор­ларға баға беріле отырып, кешен­ді инженерлік зерттеулер жүргізілуде», деді Е.Қошанов.

Мәжіліс спикері геосаяси тұрақсыздық пен хаос өршіген тұста бейбіт атомның қауіпсіз­дігі басты орынға шығаты­нын атап өтті. Осыған байланыс­ты, Қазақстан әрдайым барлық келіс­пеушілікті келіссөз арқылы шешуді қолдайды.

Сонымен қатар палата спи­кері Қазақстан отыз жылдан аса уақыт бойы жаһандық ядролық қауіп­сіздік архитектурасын дамы­туға жүйелі түрде өзіндік үлесін қосып келе жатқанын айтты. Қазақстан Семей сынақ полигонын жауып, ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халық­аралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.

Жиында Мәжіліс төрағасы өнеркәсіпті, ғылым мен білімді біріктіретін ұлттық ядролық кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастық аясында Қазақстан радио-фарма­цевти­калық препараттар өнді­рісі аясын кеңейтіп, заманауи диа­г­ностика мен емдеудің қолжетім­ділігін арттырып келеді. Қазақ­станның Ұлттық ядролық орта­лығы халықаралық зерттеу ала­ңына айналды. Мұнда реактор­лық технологиялар, радиация­лық қауіпсіздік және басқары­ла­тын термоядролық синтез салаларын­дағы халықаралық жобалар іске асырылып жатыр. Сонымен қатар біздің ядролық орталық Халық­аралық эксперименттік-термо­ядролық реактор (ИТЭР) бағдар­ла­масына да белсене қатысып келеді.

Ерлан Қошанов саммитке қатысушыларға алдағы уақытта да Қазақстан атом саласындағы сая­сатын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің стандарттарына сай құрып, ашықтықты, сенімділік пен серіктестікті нығай­та түсетінін айтты. Ол Париж саммитінің Бірлескен декларациясын қабылдау бастамасын құптады, оны бейбіт атомды жаңғырту және дамыту бойынша жаһандық және ұлттық стратегияның маңызды бөлігі деп атады. 

Соңғы жаңалықтар

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Қылмыс • Бүгін, 09:00

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері

Тарих • Бүгін, 08:50

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Экономика • Бүгін, 08:45

Алаяқтар айласы таусылар емес

Қылмыс • Бүгін, 08:43

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Сталкингке жол жоқ

Құқық • Бүгін, 08:37

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

Жымпитыдағы тағылымды жиын

Қоғам • Бүгін, 08:32

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Білімді бақылау жүйесінде алға озды

Білім • Бүгін, 08:20

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Үкімет • Бүгін, 08:17

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью