Мәжілісте зейнетақысы екі есеге азайып қалған азаматтардың мәселесі көтерілді

03.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Депутат Серік Ерубаев еңбек өтілі екі есеге қысқарып қалған азаматтардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде жеке кәсіпкерлердің 1998–2011 жылдары есепке алынған еңбек өтіліне қатысты әділетсіздік бар. Ол кезде арнаулы салық режимін қолданған кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын емес, әр тоқсан сайын аударып отырған.

"Ал қазіргі кезде зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі ай сайынғы қағидат бойынша ғана есепке алынады. Салдарынан кезінде тоқсан сайын төленген жарналар ай сайынғы еңбек өтілі ретінде танылмай, азаматтардың зейнетақы құқықтары негізсіз шектеліп отыр", - Ерубаев мәжілістің бүгінгі отырысында.

Осы орайда депутат нақты мысал да келтірді. Азамат деген кәсіпкер 30 жыл еңбек етіп, заңнамада көзделген барлық міндетті төлемдерді уақытылы аударған. Алайда бүгінгі есептеу тәртібі бойынша оның еңбек өтілінің тек 14 жылы ғана есепке алынып, зейнетақысының мөлшері едәуір төмендеген.

"Бүгінгі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін арттыру мәселесі талқыланып жатқан жағдайда, еңбек өтілі мен зейнетақы жарналарын есепке алудағы мұндай олқылықтар мыңдаған кәсіпкердің болашақ зейнетақысына алаңдаушылығын күшейтіп отыр", - деді Ерубаев.

Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы жеке кәсіпкерлердің еңбек өтілін есептеу кезінде тоқсан сайын төлеген міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы есепке алу форматына баламалы түрде қайта есептеу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Айта кетері, бүгінде Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы талқыланып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью