Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
© Photo : акимат АлматыАлматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты
© Photo : акимат Алматы
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік хабарлауынша, жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады.
© Photo : акимат АлматыАлматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты
© Photo : акимат Алматы
Ведомство мәліметінше, кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.
Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.