24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Баспа түріндегі кітап өнімдеріне қосымша құн салығы 12%-дан 10%-ға төмендетілді. Бұндай жеңілдік – баспа ісі үшін жеңілдік.
Жалпы былтыр медиа салада жүйелі реформа, институционалдық даму және кәсіби стандарттар нығайған кезең болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. Бүгінде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар. Оның 306-сы – шетелдік. Өткен жылы жаңадан 515-і тіркелді. Сондай-ақ ақпарат саласында халықаралық ынтымақ та қарқынды. дамыды. Биыл Түркиямен «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяның түсірілімі аяқталды. Қазақстан-Қытайдың бірлескен жобасы «Іледе күтемін…» өнімі де түсірілді. Ал Ресеймен «Аллигатор» атты сегіз сериялы көркем туынды жасалды.