Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Астанада Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Сурет: facebook.com/MinzdravRK
Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдардың басшылары, медициналық мекемелердің жетекшілері мен салалық сарапшылар қатысты.
Отырыста Премьер-министрдің орынбасары еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекке әрбір азаматтың құқығын бұлжымас мемлекеттік кепілдік ретінде бекітіп, денсаулық сақтау жүйесінің орнықты институционалдық негізін қалыптастырады.
Сондай-ақ Аида Балаева дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан қолдау мемлекеттік саясаттың тұрақты басымдықтарының бірі болып қала беретініне ерекше тоқталды.
Премьер-министрдің орынбасары денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесіне арнайы назар аударды. Ол Мемлекет басшысының қолданыстағы барлық ақпараттық платформаларды біріктіретін Бірыңғай дерекқор құру жөніндегі тапсырмасын сапалы әрі толыққанды іске асырудың маңызын атап өтті.
Бұған қоса Аида Балаева бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Премьер-министрдің орынбасары БМСК жүйесін дамыту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды, профилактикалық тексерулердің тиімділігіне бақылауды күшейтуді, балалар денсаулығын дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Бұл жоспар гигиена мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудан бастап, ауруларды ерте диагностикалауға дейінгі барлық бағыттарды қамтуға тиіс.
Отырыс барысында қоғамдық денсаулық мәселелері де жеке қаралды. Атап айтқанда, зиянды өнімдер мен фастфудты жарнамалауды шектеу, сондай-ақ вакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталған Аида Балаева әрбір ана өлімі дерегі бойынша жан-жақты сараптама жүргізіліп, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі нақты айқындалуға тиіс екеніне назар аудартты.
Үкімет басшысының орынбасары балалар денсаулығы мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналуы керектігін айтып, оны одан әрі дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.
Алқа жиынында жан-жақты талқыланған тақырыптың бірі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі болды. Аида Балаева өмірлік маңызы бар препараттардың емханалар мен ауруханаларға, әсіресе ауылдық және шалғай елді мекендерге, уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ дәріханалардағы баға қалыптастыру тетіктеріне тиімді бақылау орнату, үстемақылардың ашықтығын қамтамасыз ету мен дәрілік заттар құнының негізсіз өсуіне жол бермеу міндеті қойылды.
Жиын барысында Денсаулық сақтау министрінің есебі тыңдалды. Ақмарал Әлназарова 2026 жылға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған операциялық шаралар жоспарын таныстырды.
Соңғы жаңалықтар
Экономикалық аймақ іске кірісті
Экономика • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Дін • Бүгін, 08:45
Мәдениет • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:35
Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 08:33
Білім • Бүгін, 08:30
Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп
Саясат • Бүгін, 08:28
Тұлға • Бүгін, 08:25
Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті
Саясат • Бүгін, 08:22
Спорт • Бүгін, 08:20
Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс
Медицина • Бүгін, 08:17
Бибісараның табысы – 10 668 доллар
Шахмат • Бүгін, 08:15
Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады
Реформа • Бүгін, 08:13
Баласағұннан жеткен құнды мұра
Жәдігер • Бүгін, 08:10