Медицина қызметкерлерімен кездесті

21.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жұмыс тобы құрамында қалалық мәслихат депутаты Қайрат Имашев пен «AMANAT» партиясы Тұран аудандық фи­лиалының атқару­шы хатшысы Есімхан Бертаев болды. Кездесу­дің негізгі мақсаты – Конститу­цияның жаңа жобасын таныс­тыру және 15 наурызда өтетін жалпы­халық­тық референ­дум­ның маңызын түсіндіру.

Жиын барысында Данабек Исабек жаңа редакциядағы Ата Заңның басты ерекше­ліктеріне кеңінен тоқталды. Оның айту­ынша, құжат ең алдымен адами құндылықтарға және азамат­тардың құқықта­рын қорғауға айрықша басым­дық береді.

– Бұл заң жобасы уақыт талабына толық жауап береді. Бұған дейінгі Конституция өз миссиясын атқарды. Алайда қо­ғам дамыды, жаңа ұғымдар мен құндылықтар қалыптасты. Сол өзгерістерді құқықтық тұрғыда реттеу үшін негізгі құ­жатты жаңарту қажеттілігі туындап отыр, – деді депутат.

Сонымен қатар ол заң шы­ғару­шы орган құрылы­мындағы өзгерістерге де тоқталды. Бір палаталы жүйеге көшу заң қа­былдау үдерісін жеделдетіп, оның сапасын арттыруға мүм­кіндік береді деген пікір біл­дірді.

Депутат сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының Президент тарапынан алты жылға бір рет қана тағайындалуы құқықтық жүйенің ашықтығы мен әділ­дігін қамтамасыз етуге бағыт­тал­ғанын атап өтті. Бұл норма бір адамның ұзақ уақыт жоғары лауазымда отыруының алдын алып, жеке мүдделер ықпалын азайтуға мүмкіндік береді .

Өз кезегінде Қайрат Има­шев жаңа жобада қарастырыл­ған «Миранда ережесінің» ен­гізілуін маңызды жаңалық­тар­дың бірі ретінде атады.

– Жаңа Конституцияда «Миранда ережесі» бекітіліп отыр. Бұл норма бойынша кү­дік­ті ұсталған сәттен бастап оның барлық құқығы толық түсіндірілуге тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, тергеу әрекеттері заңсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай тетік азамат­тарды не­гізсіз қысымнан қор­ғап, әділ­дік қағидатын күш­ейтеді, – деді ол.

Кездесу барысында меди­цина қызметкерлері жаңа жо­ба­ның денсаулық сақтау сала­сына ықпалына, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктеріне қа­ты­сты сауалын қойды. Делегация мүшелері барлық сұраққа нақты жауап беріп, конституциялық реформаның қоғам өміріне тигізетін әсерін түсіндірді.

Жиын соңында коалиция өкілдері қатысушыларды алда­ғы референдумда белсен­діз­лік танытып, өз таңдауларын жас­ау­ға шақырды. Медицина сала­сының мамандары тарихи маң­ызы бар саяси науқанда бейжай қалмайтынын жеткізді.

Елнар ЕЛТАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью