Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Пандемиялық қордың қолдауымен елдің ұлттық зертханалық желісін нығайту мақсатында 30 мамандандырылған автокөлікті табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл автокөліктер Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы, өңірлік зертханалар, обаға қарсы стансалар және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы тарапынан пайдаланылатын болады.
«Мамандандырылған автокөліктерді табыстау жергілікті жерлердегі мамандар жұмысының тиімділігін едәуір арттыруға, сынамаларды жеткізу логистикасын жақсартуға, сондай-ақ зертханалық зерттеулер мен жұқпалы аурулар ошақтарын эпидемиологиялық тексеруді жеделдетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Жаңа көлік биологиялық сынамаларды қауіпсіз әрі уақытылы тасымалдауды қамтамасыз етеді, эпидемиологиялық қадағалауды күшейтеді және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындық деңгейін арттырады.
Бұл бастама Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ұлттық дайындықты нығайту, зертханалық инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыру бағытындағы жалғасып жатқан күш-жігеріне өз үлесін қосады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.