Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Medicare және Medigap медициналық сақтандыру бағдарламалары арқылы 1 миллиард доллардан аса сомаға жасалған алаяқтық ісі бойынша екі қазақстандықтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Medicare және Medigap медициналық сақтандыру бағдарламалары арқылы 1 миллиард доллардан аса сомаға жасалған алаяқтық ісі бойынша екі қазақстандықтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
СІМ не дейді?СІМ редакция сауалына берген жауабында АҚШ құқық қорғау органдары екі адам ұсталғаны туралы қазақстандық тарапқа хабарлағанын мәлімдеді.
"Сыртқы істер министрлігі сіздердің жолдаған өтініштеріңізде көрсетілген адамдардың ұсталғанынан хабардар. Бұл дерек туралы қазақстандық тарапқа АҚШ-тың құқық қорғау органдары хабарлады. Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығы осы мәселе бойынша америкалық тараппен тұрақты байланыста", - делінген ведомство жауабында.
Министрлік әзірге ұсталғандардың туыстары бұл мәселе бойынша Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінбегенін нақтылады.
Мән-жайыБұған дейін Чикагода екі қазақсатндыққа АҚШ-тың медициналық сақтандыру бағдарламалары - Medicare және Medigap арқылы жасалған көпдеңгейлі алаяқтық схемаларға қатысы бар деген айып тағылғаны белгілі болған.
АҚШ федералдық прокуратурасының мәліметінше, әңгіме медициналық жабдық пен диагностикалық қызметтерге қатысты 1 миллиард доллардан аса сомаға берілген жалған өтінімдер туралы болып отыр. Айыптау актілерінің бірінде Қазақстан азаматы А.А. Medicare бағдарламасы арқылы жасалған алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыру (ақшаны жылыстату) мақсатындағы сөз байласуға қатысы бар деп көрсетілген.
Екінші іс бойынша федералдық прокуратура Чикаго маңында тұратын қазақстандық Т.С.-ты медициналық сақтандыруға байланысты бағдарлама арқылы ақшаны жылыстату мақсатындағы сөз байласуға қатысты деп айыптап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться