Медициналық туризмнің маңызы зор

09.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында ел дамуының негізгі басымдықтары қамтылды. Адам капиталының сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, әлеуметтік қамсыздандыруды күшейтуге ерекше мән берілген.

Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметі мен даму мақсаттары да аталған стратегиялық бағыттармен толық үндес. Бүгінде Астана мен еліміздің бірқатар ірі қалалары медициналық туризм­нің тартымды орта­лы­ғына айналып отыр. Елі­мізге диагностика мен сапалы ем алуға көршілес елдер­мен қатар, АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінен де па­циент­тердің келуі отан­дық денсаулық сақтау жүйесіне деген халықаралық сенімнің артқанын, сондай-ақ медицинаның бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Осы бағытта Ұлттық нейрохирургия орталығы нақты нәтижелерге қол жеткізді. Орталығымызда шетелден келген 500-ден астам науқас ем қабылдады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Шетелдік пациенттердің географиясы да кеңейе түсті. Олардың қатарында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Әзербайжан, Украина, Грузия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Нигерия, Канада, Беларусь елдерінің азаматтары бар. Сонымен қатар орта­лықта жоғары техно­логия­лық «Гамма-пышақ» радиохи­рур­гиялық жүйесі табысты қол­данылады. Бұл әдіс бас миын­дағы ісіктер мен тамырлық патологияларды ашық операциясыз, жоғары дәлдікпен емдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде «Гамма-пышақ» техноло­гиясы арқылы 2200-ден астам науқас ем алды. Олардың ішінде шетел азаматтары, негізінен Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген пациенттер бар. Бұл деректер Ұлттық нейрохирургия орталығының өңірлік меди­циналық туризм орталығы ретіндегі маңы­зын айқын көрсетеді. Осы бағытта Ұлт­тық нейрохирургия орталығы нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Жақында Украинадан пациент мидағы ісік диагнозымен орталығымызға жүгініп, жоғары технологиялық операция жасатуға арнайы Астана қаласына келді. Опера­ция­ға дейін ол Орталық мамандарымен қашықтан кеңес алып, диагнозы мен емдеу тактикасын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде науқасқа заманауи трансназалды әдіс арқылы операция сәтті жасалды. Бұл әдіс ісіктің нақты орналасуын, жоғары дәлдікті, заманауи жабдықты, мол клиникалық тәж­ірибені талап етеді,  халық­аралық практикада арнайы жаб­дықталған, кәсіби орта­лық­тарда ғана жүзеге асырылады.

Медициналық туризмнің дамуы еліміздің халықаралық беделін арттырып қана қоймай, денсаулық сақтау саласының экономикалық әлеуетін кеңейтуге, жаңа технологияларды енгі­зуге, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысы атап өткен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайтуға тікелей ықпал етеді.

Сонымен қатар кейінгі жылдары медицина қызмет­кер­леріне көрсетіліп отыр­ған әлеу­меттік қолдау­дың күшеюі – сала дамуының маңызды факторы. Еңбек­ақының артуы дәрігерлер мен медици­налық персонал­дың әлеуметтік мәртебесін көтеріп, мамандықтың беде­лін нығайтты.

Ұлттық нейрохирургия орталығы алдағы уақытта да инновациялық технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, медициналық туризмді дамыту арқылы Мемлекет басшысы белгілеген жаңғыру бағытын іске асырып, халық денсаулығын нығайту ісіне үлес қоса бермек.

Серік АҚШОЛАҚОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, ҰҒА академигі

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью